Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
январь
2024

№3 педагогикалық кеңес

08.01.2024ж. Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде «Білім беру барысындағы сапалы білім мен тәрбие беру – мектептің басты ұстанымы» тақырыбында №3 педагогикалық кеңес өтті.
Күн тәртібінде:
ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ: 
1. №2 педагогикалық кеңес шешімінің орындалуы. Слямова Н.Р. 
2. Тәрбие жұмысының жарты жылдық есебі:«Білім беру барысындағы сапалы білім мен тәрбие беру – мектептің басты ұстанымы»    Абылқасым М.Б., Айнетулла Н.А.
3. 2023 – 2024 оқу жылындағы ІI тоқсанның қорытындысы.  Бауыржанқызы Д.
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ: 
4. «Лицейдің психологиялық ахуалы, оқушылар арасындағы  түрлі жағдаяттардың алдын-алу» мастер класс, тренинг    Турсунбекова А.Б.
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Слямова Нургуль Рахманкуловна №2 педагогикалық кеңес шешімінің орындалуы туралы оқыды. 
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Абылқасым Мөлдір Бақбергенқызы 1 жарты жылдық бойынша тәрбие жұмысына есеп беріп, баяндама оқыды. Сонымен қатар аға тәлімгер, әлеуметтік педагог, ақпараттық орталық жетекшісі, қосымша білім беру жетекшісі, педагог-психолог жұмыстарының есебі берілді. Тәрбие процесін ұйымдастырудағы негізгі басымдықтар – білім алушылардың әл-ауқатын қамтамасыз ету, баланың жеке басына құрмет пен сенім, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету.
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Динара Бауыржанқызы 2023 – 2024 оқу жылындағы ІI тоқсанның қорытындысына мониторинг жұмыстарын көрсетті.
Сарапшылар педкеңес жұмыстарына сараптама жұмыстарын жасады.
Практикалық бөлімде лицей педагог-психологы Ақниет Бейсебайқызы «Лицейдің психологиялық ахуалы, оқушылар арасындағы  түрлі жағдаяттардың алдын-алу» мастер класс, тренинг өткізді. 
Педкеңес соңында әр түрлі мәселелер қарастырылды.