Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
январь
2024

Лицей мақтаныштары

Лицей мақтаныштары 😍😍😍

Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылғы 12-13 қаңтарда «Robotek Grand Tournament» робототехника чемпионатының қалалық іріктеу туры Махатма Ганди атындағы № 92 мамандандырылған лицейде өткізілді. 
 Robotek Grand Tournament - оқушылар арасында робототехника бойынша республикалық чемпионат.
Чемпионатты өткізудің негізгі мақсаты - спорттық білім беру робототехникасын дәріптеу, Қазақстанда инженерия және робототехника бағыттарын дамыту. Жастар арасында техникалық мамандықтарды дәріптеу.
Чемпионатқа қатысушылар (9-17 жас) төменде көрсетілген номинациялар бойынша жарысты: 
 12 қаңтар күні 3 бағыт бойынша: «Роботек», «Инверсиялық линиядағы жарыс», «Робот жеткізуші».
13 қаңтар күні 4 бағыт бойынша: «Мерген-кіші 
санат», «Мерген-жоғары санат», «Туды жеткізу», «Робот сұрыптаушы».

Қалалық турдың жеңімпаздары 2024 жылғы 2-3 мамырда Астана қаласында өтетін «Robotek Grand Tournament» республикалық чемпионатына қатысуға жолдама алды.
 
Махатма Ганди атындағы 
№92 мамандандырылған лицейдің қалалық кезеңнің жеңімпаздары, «Robotek Grand Tournament» республикалық чемпионатына қатысуға жолдама алған І орын иегерлері:
«Мерген - жоғары санат» номинациясы бойынша «Ctrl-C» командасы 10 «В» сынып оқушысы 
Ережеп Ернұр 1-орын жеңімпазы атанды.
«Мерген - кіші санат» номинациясы бойынша «Double Amir» команда мүшелері, 7 «Ә» сынып оқушысы Мереке Амир мен 7 «Б» сынып оқушысы Нарифқұл Амир жүлделі 1-орынды иеленді. Жеңімпаздарға құлаққап сыйға тартылды.

«Роботек» номинациясы бойынша 5 «Ә» сынып оқушылары Максат Ансар мен Әбдіғали Абдулазиз 2-орын,
«Робот жеткізуші» номинациясы бойынша 7 «Б» сынып оқушылары Мухаммед Мағжан, Оразгазиев Нурали 2-орынмен марапатталды!
Лицей мақтаныштарын жеңістерімен құттықтаймыз!

Жеңімпаздарға жетекшілік етіп, қолдау білдірген лицей директоры Шажабаева Кульжан Сауытовна мен Бахиева Калимагуль, Ергеш Нұрсұлтанға алғыс білдіреміз.