Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
май
2023

«Robotek Grand Tournament 2023» республикалық чемпионаты

2023 жылдың 4-5 мамыр күндері Астана қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен ҚР Тұңғыш Президенті музейінің ғимаратындағы көпфункционалды залда «Robotek Grand Tournament 2023» республикалық чемпионатының финалы өтті. 

✅Чемпионаттың мақсаты – робототехника, инженерлік ғылымдар және бағдарламалау саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау. Жастар арасында техникалық мамандықтарды дәріптеу. Техникалық білім беру мәселелеріне көпшілік пен мемлекеттің назарын аудару.

✔️Чемпионат робототехника бойынша ең танымал 7 санат бойынша өткізілді. 
🥉 орынды кегельринг-квадро санатында Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей оқушылары:
7 “В” сынып оқушылары Серік Нұртас пен Қожан Дастан иеленді. 

🏆Санаттар бойынша жарыс жеңімпаздар «Дарын» РҒПО-ның III дәрежелі диплом, медальдарымен және Чемпионат демеушілерінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

✨Жүлдегерлерді құттықтаймыз, жаңа жеңістер тілейміз!

Жетекшісі: Ергеш Нұрсұлтан