Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
январь
2024

«Robotek Grand Tournament» робототехника чемпионаты

Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылғы 12-13 қаңтарда «Robotek Grand Tournament» робототехника чемпионатының қалалық іріктеу туры Махатма Ганди атындағы № 92 мамандандырылған лицейде өткізілді. 
  Robotek Grand Tournament - оқушылар арасында робототехника бойынша республикалық чемпионат.
 Чемпионатты өткізудің негізгі мақсаты - спорттық білім беру робототехникасын дәріптеу, Қазақстанда инженерия және робототехника бағыттарын дамыту. Жастар арасында техникалық мамандықтарды дәріптеу.
 Чемпионатқа қатысушылар (9-17 жас) төменде көрсетілген номинациялар бойынша жарысады: 
  12 қаңтар күні 3 бағыт бойынша: «Роботек», «Инверсиялық линиядағы жарыс», «Робот жеткізуші».
 13 қаңтар күні 4 бағыт бойынша: «Мерген-кіші санат», «Мерген-жоғары санат», «Туды жеткізу», «Робот сұрыптаушы».
 Қалалық турдың жеңімпаздары 2024 жылғы 2-3 мамырда Астана қаласында өтетін «Robotek Grand Tournament» республикалық чемпионатына қатысуға жолдама алады.
 Бүгінгі күнгі жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орын алған  Махатма Ганди атындағы 
№92 мамандандырылған лицейдің  екі командасын жеңістерімен құттықтаймыз!