Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
ноябрь
2023

Коучинг: «Сабақ барысында 4К модельін қолдану мүмкіншілігі»

06.11.2023 күні Махатма Ганди аындағы №92 мамандандырылған лицейінде №2 педагогикалық кеңесі өткізілді. «Табысты оқыту мен құзырлы мұғалім – заманауи мектептің тұғыры» тақырыбында өткізілген кеңес теориялық және практикалық бөлімдерден тұрды. Практикалық кезең «Интерграциялық сабақтарда 4К моделі арқылы оқушыларды ізденіске бағыттау – табысты оқыту негізі» атты коучинг-сессияны қамтыды. Озық тәжірибе мектебінің ұстаздары ағылшын тілі пәні мұғалімі Алимбекова Халима Пернехановна және химия пәні мұғалімі Каумбаев Сунатулла Әбдіғаниұлы 4К моделі туралы жалпы түсінік беріп, оның мақсаты мен міндеттерін айқындады. Мұғалімдер 6 топқа бөлініп, сессия барысында берілген тапсырмаларды аса белсенділікпен орындауға тырысты. Модельдер бойынша тиімді әдіс-тәсілдер көрсетіліп, практикада пысықталды. Мұғалімдер таныстырылған әдіс-тәсілдердің сабақ барысында әрдайым қолданыста болуы оқушылардың анағұрлым белсенді жұмыс жасап, шығармашылық қабілеттерінің арта түсетініне тәжірибе арқылы көз жеткізді. Жалпы алғанда өзінің оң нәтижесін дәлелдеп көрсеткен 4К моделін сабақтарда қолдану ұсынылып, келесі әдістемелік семинарларда басқа да тиімді әдіс-тәсілдер үйрету сабақтары ұйымдастырылатыны айтылды.