Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
март
2023

Жас мамандарға арналған семинар: «Сабақтағы кері байланыс»

Бүгін Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде жас мамандарға арналған кезекті семинар өткізілді. «Сабақтағы кері байланыс» тақырыбында өткізілген семинарда лицейіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Алимбекова Халима Пернехановна өз баяндамасын ұсынып, жас мамандармен коучинг-сессия өткізді. Өзінің озық тәжірибесімен бөлісіп, жастарға аталған тақырып барысында біліктіліктерін арттыруға ықпал етті. 
Семинар мақсаты жас педагогтардың сабақ барысындағы маңызды кезеңдердің бірі саналатын кері байланыстың түрлерімен танысып, оларды тәжірибе барысында ұтымды пайдалануға үйрету болды. 
Семинар барысында жас мамандар өз ойларымен бөлісіп, жаңашыл кері байланыс түрлерін қарастырды. Әрине заманауи сабақтың маңызды сәті кері байланыстың дұрыс әрі жүйелі түрде жүргізілуі сабақтың сәтті өтуін қамтамасыз етіп, оқушылардың тақырыпты толық меңгеруіне ықпал етеді. Сол себепті мұғалім кері байланыс жүргізудің қыр-сырын толық білсе, сабағының жоғары дәрежеде өтуіне кепілдік береді, бастысы оқушылардың білім сапасының артуына себеп болады.