Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
апрель
2023

Профориентациялық жұмыс: Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың «Робототехника және автоматтандырудың техникалық құралдары» кафедрасы профориентациялық жұмыс жүргізді. 
🔹Кафедраның мақсаты - оқытушылардың ғылыми-педагогикалық біліктілігін арттыру, оқытудың заманауи білім беру технологияларын енгізу, білім алушыларға үнемі халықаралық білім беру стандарттарына сәйкес қызметтер ұсынуды жүзеге асыру.
🔸Міндеттері:
-ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби дамытуға бағытталған таңдаған мамандығы бойынша сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
-кәсіптік білімнің еңбек нарығының өзгермелі қажеттіліктеріне тез бейімделуіне ықпал ететін және әр оқушының жеке әлеуетін барынша арттыруға көмектесетін жаңа технологияларды оқытуға енгізу және тиімді пайдалану;
-кафедраның кадрлық әлеуетін дамыту, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми-педагогикалық біліктілігін арттыру, кафедра имиджін нығайту.

🔻«Робототехника және автоматтандырудың техникалық құралдары» кафедрасы Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың ең ірі түлектендіруші кафедраларының бірі, үш деңгейлі білім беру жүйесінде ел экономикасының жоғары технологиялық салалары үшін бәсекеге қабілетті мамандар дайындайды