Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
февраль
2023

Жас мамандарға арналған әдістемелік семинар

М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде 16.02.күні директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Слямова Нургуль Рахманкуловнаның ұйымдастыруымен жас мамандарға арналған әдістемелік семинар болып өтті. Семинарда "Озық тәжірибе мектебінің" ұстаздары С.А. Жоламанова, А.А.Курманбаева және Ф.К.Несипбергенова коучинг-семинар жүргізді.
Тақырыбы:"Топтық жұмысты ұйымдастырудағы оқыту үшін бағалаудың тиімділігі"
Мақсаты:
Топтық жұмысты ұйымдастырудағы оқыту үшін бағалаудың тиімділігін, айырмашылығын білу, оқушылардың оқуына ықпал ететін оқыту үшін бағалауды іс-тәжірибеде қолдануларына ықпал жасау.
Жас мамандар жыл мезгілдері (жаз, күз, қыс, көктем) бойынша 4 топқа бөлінді. Топтық жұмысты ұйымдастырудағы оқыту үшін бағалаудың тиімділігін «SWOT» талдау арқылы көрсетілді. Топтар бір бірін "Екі жұлдыз бір тілек" әдісі арқылы бағалады.
Жас мамандарға арналған әдістемелік семинар Де Банонның "6 қалпақ" әдісі арқылы қорытындыланып, рефлексия "Басбармақ" әдісі арқылы алынды.