Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
апрель
2022

Ашық сабақ: «Жай механизмдер»

15.04.2022 күні физика-информатика бірлестігінің он күндігі аясында физика пәнінің мұғалімі Рахимов Жанболат 7 «В» сыныбына «Жай механизмдер» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
➢ Оқу мақсаты: «Механиканың алтын ережесін» тұжырымдау және қарапайым механизмдердің қолданылуына мысалдар келтіру және күш моменті ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру;
Сабақ барысында оқушылар өзін-өзі бағалау үшін бағалау парағы таратылды, негізінде өз-өздеріне қалыптастырушы бағалар қойып отырды. Жаңа сабақ төңкерілген сабақ ретінде болғандықтан тақырыпты ашу мақсатында «Жұмбақ жасыру» әдісі көмегімен оқушылар жауап берді. Сосын тақырыпты толықтай ашу мақсатында оқушылардың топ белсенділері таңдау әдісі бойынша топқа бөлінді. Әр топқа арнайы  тақырып бойынша есптер жазылған параша үлестірілді, оқушылыр есептерді тақтаға шығып орындады.  https://wordwall.net/ru/resource/31417565 сайт арқылы тақырып бойынша тест тапсырмаларын дұрыс реттілікпен жылдам тауып шықты, нәтижесінде оқушылардың белсенділігі сабақты тереңінен түсінуіне үлкен ықпалын тигізді. Сабақтың келесі кезеңінде оқушылар тақырыпты толық меңгергенін тексеру мақсатында https://learningapps.org/watch?v=p5b1n2u8a22 сайытнан жасырынған сөзді тап ойыны жүргізілді. Сабақ соңында кері байланысты «Бағалау» ағашы әдісі арқылы білемін, білдім, білгім келеді берілген үш түрлі сұрақтарға өз ойларын жазды. Сабақ соңында «бағалау» парағы арқылы бағалау жүргізілді.