Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
апрель
2022

Ашық сабақ: «Жарықтың шағылуы, шағылу заңдары. Жазық айналар»

Физика және информатика кафедрасының айлығы аясында физика пәнінен 8 «Б» сынып оқушыларымен «Жарықтың шағылуы, шағылу заңдары. Жазық айналар» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Пән мұғалімі: Қожабай Абай
Сабақ барысында оқушылар өзін-өзі бағалау парағы негізінде өз-өздеріне қалыптастырушы бағалар қойып отырды.Үй жұмысына «Сәйкестендіру» тапсырмасы жеке жұмыс арқылы тексерілді, оқушылардың жасаған жұмыстарын экранға көрсетіп мұғаліммен бірге талқылау жүргізілді. Жаңа сабақты мұғалім «Миға шабуыл» әдіс-тәсілі бойынша сабақ тақырыбын анықтау мақсатында сұрақтар қойылды. Сабақ әрі қарай түсінікті болу үшін «Жарықтың шағылуын» эксперимент көрсету арқылы жалғастырдым.
Сабақты қорытындылау мақсатында «Физикалық диктант», «Сен білесің бе?», «Тақтамен жұмыс» тапсырмалары орындалды. Әрбір тапсырма аяқталғаннан соң оқушылар бағалау парағына өзін-өзі және бірін-бірі бағалап отырды. Сабақ соңында жасалған «Тазалық ойыны» рефлексиясы оқушылардың ойын толық жеткізуге мүмкіндік берді.