Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ашық сабақ: «PyGame кітапханасының басқа да дайын модульдерімен жұмыс»
15
апрель
2022

Ашық сабақ: «PyGame кітапханасының басқа да дайын модульдерімен жұмыс»

15.04.2022 күні физика-информатика бірлестігінің он күндігі аясында информатика пәнінің мұғалімі Бахиева Калимагуль 9 «В» сыныбына «PyGame кітапханасының  басқа да дайын модульдерімен жұмыс» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

🔹Оқу мақсаты: ойын терезесін жасау үшін PyGame (пайгейм) кітапханасының дайын модульдерін пайдалану.

Сабақ барысында оқушылар өзін-өзі бағалау үшін QR код арқылы гугл кесте арқылы сілтемені ашып, бағалау парағы негізінде өз-өздеріне қалыптастырушы бағалар қойып отырды. Өткен сабақты еске түсіру мақсатында «сөйлемдердің жалғасын тап» әдісі көмегімен оқушылар интерактивті тақтаға қарап жауап берді. Жаңа сабақ төңкерілген сабақ ретінде болғандықтан тақырыпты толықтай ашу мақсатында оқушылар топқа https://castlots.org/razdelit-na-gruppy/ сайт арқылы бөлінді. Әр топ өз тақырыптарына сәйкес кластер құрып, оны қорғап шықты. https://learningapps.org/watch?v=pyughohjn22 сайт арқылы Pygame кітапханаларындағы модулдерді дұрыс реттілікпен жылдам орнатып шығады, нәтижесінде оқушылардың белсенділігін танытуға арналған сурет шығады. Pygame кітапханаларындағы модулдерді қолдану үшін оқушылар дербес компьютерде практикалық жұмыс орындады. Сабақ соңында кері байланысты «рефлексия пирамидасы» әдісі арқылы https://app.wizer.me/learn/AY322F сайт арқылы берілген төрт түрлі сұрақтарға өз ойларын жазды. Сабақ соңында «Шынайы бол» әдісі арқылы бағалау жүргізілді.