Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
ноябрь
2021

Ұлттық валюта

«Ұлттық валюта» атты тарихи шолу іс шарасы өткізілді. Оқушыларды тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі - теңгемен таныстыру, төл теңгеміздің ­­­шығу тарихы, айналымға ену кезі туралы мағұламаттар беру. Оқушылардың бойына елімізге деген ыстық сүйіспеншілікті,мақтанышты сіңірту. Көрнекілігі: белсенді тақта,бейне ролик. . Теңге 1993 жылы 15 қараша күні дүниеге келді Ұлттық валютаны теңгеге ал оның жүзден бір бөлігін тиын деп атауды сол кезде ҚР Жоғары кеңесі комитетінің төрағасы Сауық Тәжекенов ұсынған еді. 
Тәуелсіз елдің ұлттық валютасын жасап шығарған Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжәленовтар еді. .Ең алғашқы теңге партиясы Англияның ең көне әрі әйгілі Харрисон және ұлдары фабрикасында басылып шықты. Ең алғашқы теңгемізде белгілі тарихи тұлғалардың портреттері , Алатау мен Көкшетау көріністері, Қожа Ахмет Яссау кесенесінің бейнесі, Маңғыстауда табылған тастағы таңбалар пайдаланылды. Бір теңгелік банкнотқа Әбу Насыр әл Фараби, үш теңгелікте Сүйінбай, бес теңгелікте Құрманғазы, он теңгелікте – Абай , елу теңгелікте Әбілқайыр хан, жүз теңгелікте Абылайхан бейнесі салынған.