Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
декабрь
2021

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ

1991 жылдың 1-ші желтоқсанында біздің халқымыз бірінші тарихи қадамын жасап, өзінің тұңғыш Президентін сайлады және осы күннен бастап Тәуелсіз мемлекеттің тарихы басталды. 
Тұңғыш Президент күні – бұл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа деген халықтың сенімі. Елбасының көреген саясатының арқасында тәуелсіздік жылдары біздің ертеңгі күнге деген сеніміміз артты. Қазір Қазақстанды бейбітшілік сүйгіш және дамыған, қоғамдық келісім мен халықтар бірлігін ұран еткен мемлекет ретінде әлем таныды. Көпұлтты Қазақстанның Тұңғыш Президенті ретінде Нұрсұлтан Назарбаев кесімді пікірі, көрегендігі және мақсатты саясаты арқасында мемлекет тәуелсіздігін нығайтып, халыққа «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы жарқын болашағын таңдауға мүмкіндік берді. 
Сіздерді Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, отбасылық береке, бірлік, барлық бастамаларда жетістіктер тілейміз.