Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
март
2022

Пікір алмасу: "Ана деген – ұлылықтың бейнесі»

3 наурыз 2022 жылы, Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде қоғамдық-гуманитарлық пән мұғалімдері бірлестігінің ұйымдастыруымен 8-9-сынып оқушыларының қатысуымен «Ана деген – ұлылықтың бейнесі» тақырыбындағы пікір алмасу (дискуссия) мен «Ердің анасы – елдің анасы» (Ел тарихы мен әдебиетіндегі батыр қыздар) тақырыбындағы ойталқы (диспут) өтті. Пікірталастың мақсаты:
1)    оқушыларға ел тарихы мен әдебиетіндегі батыр қыздар туралы түсініктерін кеңейту; 2)    оқушылардың тарихи және әдеби анализ бен синтез жасау дағдыларын дамыту;3)    жасөспірімдердің ауызша тіл мәдениетін арттыру, көркем сөйлеу дағдыларын дамыту.  Байқаудың ұйымдастырушылары: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мунасаева Р.Н., тарих пәнінің мұғалімі Усенова С.С.