Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
январь
2022

Жас мамандар отырысы

📢🏫Қаңтар айының 21-і күні лицейімізде директордың ғылыми - әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Слямова Нургуль Рахманкуловнаның ұйымдастыруымен жас мамандардың 1-ші жарты жылдық қорытынды есебі тыңдалды. Яғни, лицейіміздің жас мамандары 1-ші жарты жылдықта жеткен жетістіктерімен және жасаған жұмыстарының қорытындыларымен бөлісті. 
🔰Лицейіміздің математика пәнінің мұғалімі  Раметов Тохир өзінің 1-ші жарты жылдықта жасаған жұмыстарымен және жеткен жетістіктерінің нәтижелерімен бөлісті.
✔️”Олимп жолы” Республикалық кешенді олимпиадасынан I және III орындар.
✔️Республикалық “Алтын сақа” олимпиадасының қалалық кезеңінде көрсеткен ерекше жетістігі үшін 6 сынып оқушысы Шарипова Әнуарға жетекшілік етіп арнайы марапаттау қағазымен марапатталды және осы жетістіктің нәтижесінде лицейіміз 3-орынды иемденіп жеңімпаз мектеп атанды. 
🔰 Лицейіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Арын Нұрсұлу 1-ші жарты жылдықта жасаған жұмыстары және жетістіктері жайында есеп берді. 
✔️ 2-7 сынып оқушыларына арналған “Зерде” республикалық ғылыми жобалар байқауында жетекшілік етіп, 6 “б” сынып оқушысы Нурсерик Фатима 2-орынды жеңіп алды. 
✔️ “Радиокруп” үйірмесінің жұмысы және “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында өткен кітап оқу жарысы және “Тәуелсіздіктің 30 жылдығына” арнап өлең оқу челленджі көрсетілді.
✔️ Баспа бетінде жарық көрген мақалалар мен сабақ жоспарлары таныстырылды. 
Сонымен қатар:
🔹Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдибек Аяулым 
🔹Физика пәнінің мұғалімі Қайратұлы Ақылжан 
🔹Тарих пәнінің мұғалімі Нұртай Күнбек 
🔹Физика пәнінің мұғалімі Қуандықова Алияның
1-ші жарты жылдықта жасаған жұмыстарымен және жеткен жетістіктерінің есебі тыңдалды.