Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
Дәріс: "Құқық бұзушылықтың алдын алу"
06
октябрь
2021
Дәріс: "Құқық бұзушылықтың алдын алу"
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде лицейдің аға инспекторы, полиция майоры Далдирбаева Анара Русланбековна 6-8 сынып оқушыларына "Құқық бұзушылықтың алдын алу " тақырыбында дәріс өткізді.
Тәрбие сағаты: "Ұлылықтың басында ұстаз тұрар"
06
октябрь
2021
Тәрбие сағаты: "Ұлылықтың басында ұстаз тұрар"
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде "Ұлылықтың басында ұстаз тұрар" деген тақырыпта 7 "В" сыныбымен  тәрбие сағаты өтілді. Мақсаты:  🟢 Оқушылардың бойында ұстаз деген ерекше жылы сезім қалыптастыру;  🟢 Оқушыны ұстазды құрметтеуге, сыйлауға қадірлеуге; 🟢 ұстаз еңбегін бағалай білуге үйрету, дамыту.  🟢 Адамгершілікке; кішіпейілдікке үлкенге құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Сабақ барысында видеоролик көрсетіліп, соған байланысты оқушылармен пікірталас болды.Оқушылар Ұстаз туралы
Сынып сағаты: "Шылым шегу денсаулыққа зиян"
05
октябрь
2021
Сынып сағаты: "Шылым шегу денсаулыққа зиян"
Лицейімізде 5-11 сынып оқушыларына "Шылым шегу денсаулыққа зиян" тақырыбында сынып сағаты өтілді. Сынып сағаты барысында шылым шегудің адам денсаулығына тигізетін зияны туралы оқушыларға кеңінен ақпараттар берілді.
Тренинг: «Менің мектебім-менің мақтанышым»
05
октябрь
2021
Тренинг: «Менің мектебім-менің мақтанышым»
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде жас мамандарға арналған «Менің мектебім-менің мақтанышым» тақырыбында тренинг өткізілді.  Мақсаты: ✔жас мамандардың психологиялық көңіл-күйлерін көтеру; ✔шығармашылық қабілеттерін көрсете білуге; ✔өздеріне құрметпен қарауға;  ✔сыйластық қарым - қатынасқа шақыру.
Дәріс: "Төтенше жағдайлар туындаған кездегі қауіпсіздік шараларын сақтау"
04
октябрь
2021
Дәріс: "Төтенше жағдайлар туындаған кездегі қауіпсіздік шараларын
Лицейімізде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Төтенше жағдайлар туындаған кездегі қауіпсіздік шараларын сақтау" тақырыбында тәрбие орынбасарлары мен алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Журекбаев Серік лицей оқушыларына дәріс өткізді.
Дебат: "Махатма Ганди ілімін мектеп оқушылары арасында тарату жолдарын ұсынады"
01
октябрь
2021
Дебат: "Махатма Ганди ілімін мектеп оқушылары арасында тарату
Лицейіміздің дебат клубының ұйымдастыруымен Махатма Гандидің 2 қазан туған күніне орай "Махатма Ганди ілімін мектеп оқушылары арасында тарату жолдарын ұсынады" тақырыбында дебат өтті. View this post on Instagram A post shared by •Махатма Ганди атындағы №92 МЛ (@m.gandhi92)
3D графика жұмыстар
01
октябрь
2021
3D графика жұмыстар
Ұлы тұлға Махатма Гандидің туған күніне орай лицей қабырғасында оқушылар 3D графика түрінде жұмыстар жүргізді. View this post on Instagram A post shared by •Махатма Ганди атындағы №92 МЛ (@m.gandhi92)
Суреттер көрмесі
01
октябрь
2021
Суреттер көрмесі
Үндістандық саяси және қоғам қайраткері, Үндістанның тәуелсіздік қозғалысының жетекшілері мен идеологтарының бірі Махатма Гандидің туған күніне орай лицейімізде түрлі іс-шаралар өтілді, соның бірі директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының ұйымдастыруымен өткен суреттер көрмесі.  Лицей оқушылары М.Гандидің өмір жолымен таныс бола отырып, ортаға бар өнерлерін салды. [media=https://www.instagram.com/tv/CUh0cntjOY-/?utm_=copy_link]
Сынып сағаты: "Қарттар - біздің асыл қазынамыз!"
01
октябрь
2021
Сынып сағаты: "Қарттар - біздің асыл қазынамыз!"
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде 1 қазан Халықаралық қарттар күніне орай 5-11 сынып оқушыларына "Қарттар - біздің асыл қазынамыз!" тақырыбында сынып сағаты өтілді. Мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу. Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында
Ұстаздар мерекесі қарсаңында
01
октябрь
2021
Ұстаздар мерекесі қарсаңында
Ұстаздар мерекесі қарсаңында Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей директоры Шажабаева Кульжан Сауытовна еңбек жолында белсенділік көрсетіп, жетістіктерімен лицей мерейін арттырып жүрген ұстаздарды мадақтамамен құттықтады.