Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
октябрь
2021

Сынып сағаты: "Қарттар - біздің асыл қазынамыз!"

Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде 1 қазан Халықаралық қарттар күніне орай 5-11 сынып оқушыларына "Қарттар - біздің асыл қазынамыз!" тақырыбында сынып сағаты өтілді.
Мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.
Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, инабат тағылымымен үлкендерге деген  қарым-қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты. Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен  сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында.