Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
Сынып сағаты: «Алматы - біздің қала»
30
апрель
2024
Сынып сағаты: «Алматы - біздің қала»
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей оқушыларына «Алматы - біздің қала» атты тақырыбында сынып сағаты өтілді. 🔰Мақсаты: Қала мәдениетімен таныстыру. Оқушылардың танымын, ойын, тілін дамыту. Өз пікірлерін ашық айтып, өзгелердің пікірімен санаса білуге дағдыландыру. Сөйлеу шеберлігін, мәдениетін, сөздік қорын байыту.
“Қалдықтардан жасалған ғажайыптар” атты аудандық байқау
30
апрель
2024
“Қалдықтардан жасалған ғажайыптар” атты аудандық байқау
2024 жылдың 30 сәуірінде Бостандық ауданының №199 Мамандандырылған гимназиясында “Алматы - біздің ортақ үйіміз” экологиялық акциясы және “Қалдықтардан жасалған ғажайыптар” атты аудандық байқауына Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 6«А» сынып оқушылары: 1.Муслимова Мадина 2.Дәуітхан Айзере қатысты. 🔰Байқау барысында оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, керемет әсерге ие болды, ең бастысы, планетаның тазалығы әрқайсымызға байланысты екенін түсінді. Жетекшісі:
Сынып сағаты: «Бірлігі мен ынтымағы жарасқан, көп ұлтты – Қазақстан»
30
апрель
2024
Сынып сағаты: «Бірлігі мен ынтымағы жарасқан, көп ұлтты – Қазақстан»
30.04.2024ж.6 «Ә» сыныбында «Бірлігі мен ынтымағы жарасқан, көп ұлтты – Қазақстан» -деген тақырыпта сынып сағаты өтілді. 🔰Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету. Сынып жетекшісі:Абдибек А.А
Кәсіптік бағдар беру жұмыстары
30
апрель
2024
Кәсіптік бағдар беру жұмыстары
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 11 сынып оқушыларына АУЭС университетінің мамандықтары туралы кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді.
"Мектептегі бітіру кештерінде гелий толтырылған шарларды пайдалануға тыйым салу"
29
апрель
2024
"Мектептегі бітіру кештерінде гелий толтырылған шарларды пайдалануға
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің бітіруші 11 сынып оқушыларына «Мектептегі бітіру кештерінде гелий толтырылған шарларды пайдалануға тыйым салу туралы ақпараттық науқанды бастау» тақырыбында түсіндірме жұмыстары өткізілді.  🔰Мақсаттары: -оқушыларға экологиялық тәрбие беру; -гелий толтырылған шарлардың зияны туралы ақпараттандыру; -гелий толтырылған шарлардың қоршаған ортаға келтіретін зиянын тақылау; -жасөспірімдерді қоршаған ортаны қорғауға баулу.
«Химия және химиялық технология» факультетінде өткен ашық есік күні
27
апрель
2024
«Химия және химиялық технология» факультетінде өткен ашық есік күні
27.04.2024ж. Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 11 сынып оқушылары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Химия және химиялық технология» факультетінде өткен «Ашық есік күніне» қатысты.