Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ
10
апрель
2024
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ
10.04.2024ж. Лицейіміздің оқушылары «Ғылым кызметкерлері күні» және «Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына» арналған «Студент, ғылым инновация: зерттеудің заманауи трендтері» тақырыбындағы студенттер, магистранттар, докторанттар жане жас ғалымдардың  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА қатысты.
Шығармашылық сабақ: «Менің қиялымдағы ғарыш»
10
апрель
2024
Шығармашылық сабақ: «Менің қиялымдағы ғарыш»
10.04.2024ж. Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей кітапханасында «Менің қиялымдағы ғарыш» тақырыбында «12 сәуір - Ғарышкерлер күніне» орай шығармашылық сабақ өткізілді. 🔰Мақсаты: Оқушылардың бойында Отансүйгіштік, азаматтық қасиеттерді қалыптастыру, білімге, ғылымға ұмтылдыру, ғарыш туралы білімдерін толықтыру. 🔹Пайдаланылған әдебиеттер: «National geographic» , «Oyla» журнал материалдары, ғарышкерлер портреттері.
Түсіндірме жұмыстары: «ҚОҚЫСЫҢДЫ сұрыпта»
10
апрель
2024
Түсіндірме жұмыстары: «ҚОҚЫСЫҢДЫ сұрыпта»
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей оқушыларына экология айлығы аясында Кампания «БІЗДІҢ ҚАЛА - БІЗДІҢ ҮЙ» «ҚОҚЫСЫҢДЫ сұрыпта» акциясы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ғаламдық мәселердің алдын алудың тиімді жолы жас ұрпақты экологиялық мәдениетке, қоршаған ортаны аялауға үйрету.
Сынып сағаты:  "Су тасқыны, оның сипаттамасы және салдары"
09
апрель
2024
Сынып сағаты: "Су тасқыны, оның сипаттамасы және салдары"
09.04.2024ж. 10«В» сыныбында «Су тасқыны, оның сипаттамасы және салдары. Су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік ережелері» атты тақырыпта сынып сағаты өткізілді. 🔰Мақсаты: Су тасқыны, оның алдын алу шаралары және салдары. Су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы оқушыларға түсінік беру. Сынып жетекшісі: Бахиева Калимагуль
Сынып сағаты: «Алматы біздің қала!»
09
апрель
2024
Сынып сағаты: «Алматы біздің қала!»
09.04.2024 жылы 9 «Ә» сыныбында «Алматы біздің қала!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. 🔰Сынып сағатының мақсаты: -Алматы қаласы туралы мағлұмат -Қаланың біз білмейтін ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы оқушыларға мағлұмат беру Сынып жетекшісі: Дәукен Мөлдір
Сынып сағаты:  «Ғажайып ғарыш»
09
апрель
2024
Сынып сағаты: «Ғажайып ғарыш»
09.04.2024 жылы 7«А» сыныбында «Ғажайып ғарыш» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. 🔰Сынып сағатының мақсаты:ҚР ғарышкелері туралы,ғарыш әлемі туралы түсінік қалыптастыру. Сынып жетекшісі:Несипбергенова Фарида Кайсаевна
Дәріс: «Қаржылық сауаттылық»
09
апрель
2024
Дәріс: «Қаржылық сауаттылық»
09.04.2024ж.Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 8 сынып оқушыларына «Менің бауырым» жобасының еріктілері «Қаржылық сауаттылық» тақырыбында дәріс өтті. 🔰Мақсаты: білім алушыларда белсенді азаматтық ұстанымды дамыту және қоғамға қызмет ету идеяларын ынталандыру, сондай-ақ білім беру ұйымдарында қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуал құру жөніндегі бастаманы жүзеге асыру. Күтілетін нәтиже: оқушыларды өз даралығын, өзін-өзі реттеу дағдыларын және коммуникативтік құзыреттілікті
Каратэден Алматы облысының чемпионаты
08
апрель
2024
Каратэден Алматы облысының чемпионаты
Лицей мақтаныштары 😍😍😍 Махатма Ганди  атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 7«Г» сынып оқушысы Сериков Махамбет каратэ бағыты бойынша Алматы облысының чемпионатында жүлделі 3 орынға ие болды. Құттықтаймыз!