Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
февраль
2022

Эссе байқауы: «Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім»

2022 жылдың 1 ақпанында лицейде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Р.Н.Мунасаеваның ұйымдастыруымен М.Мақатаев айлығының аясында «Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім» айдарымен 9-11-сынып оқушылары арасында эссе байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: оқушылардың М.Мақатаевтың өлеңмен өрілген өмірін талдау дағдыларын дамыту, өзіндік пікір жазу дағдыларын арттыру.
Шығармашылық сайысқа қатысқан 14 оқушыға ақын поэзиясы негізінде келесі тақырыптар бойынша ойтолғау ұсынылды:
1. «Қош, махаббат» пьесасындағы Бағдат бейнесі
2. «Аруана-ана» поэмасында көтерілген мәселенің бүгінгі қоғамдағы өзектілігі
3. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы символ: мәні мен маңызы
4. «Райымбек! Райымбек!» поэмасындағы ерлік мен елдіктің өр рухы
5. Мұқағали мен поэзия әлемі: егіз ұғым немесе құбылыс
6. «Мені мұндай бақытты жаратар ма?!»
7. «Жазылар естеліктер мен туралы...»
8. Мұқағали және Хантәңірі