Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
декабрь
2021

Каркулова Айгуль Акимгереевна қонақта болды

Желтоқсанның үші Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы дарынды оқушыларды дамытудың педагогикалық шеберлік бөлімінің жетекшісі  Каркулова Айгуль Акимгереевна қонақта болды. 
Айгуль Акимгереевна лицейіміздегі “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында жасалған буккроссинг бұрышымен, лицейдің намысын аудандық, облыстық додаларда қорғап жүрген “Болашақ” дебат клубының жұмыс барысымен танысты.
🔹️Лицей кітапханасында Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына байланысты 5 сынып оқушыларымен өтіп жатқан іс-шараға қатысты. Оқушылардың ойын тыңдай отыра, алдағы уақытта Абай Құнанбаевтың  қара сөздерін оқушылармен бірге талқылауға уәделесті. 
🔹️ Лицей музейі, “Робототехника", "Электроника негіздері", “Радиорубка”, "Web studio", "Радиобайланыс", "Шахмат" үйірмелерінде атқарылып отырған жұмыстарымен  танысты.
Айгуль Акимгереевна лицейімізге шығармашылық табыс тілей отырып, өзінің жылы лебізін білдірді.