Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергенұлымен кездесу
22
ноябрь
2021

Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергенұлымен кездесу

22.11.21ж. күні Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Алматы қаласы мәслихатының депутаты және осы лицейдің "Қамқоршылық кеңесінің" мүшесі Қайрат Құдайбергенұлымен 10-11 сынып оқушыларына және педагогикалық ұжымға кездесу өткізілді. 
✒Бұл шара салауатты өмір салтын, спортты, ұлттық мәдениетті, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты және т.б. насихаттауға бағытталды.
🔹️Депутат мемлекет Басшысы жуырда жастар алдында сөйлеген сөзінде «Азаматтардың салауатты өмір салты – салауатты ұлт қалыптастырудың негізгі шарты» деп атап көрсеткенін баса айтты, және бұл «Нұр Отанның» сайлауалды бағдарламасында да көрсетілген.
🔹️Ал бүгінде, бұрынғыдай, мен бірнеше жылдар бойы синтетикалық есірткіні қолданудың қауіптілігі мәселелерімен айналысып келемін,-деді Қайрат Құдайбергенұлы.
🔹️Жастар арасында танымал синтетикалық есірткіге қарсы күрес туралы қызықты баяндама бойынша лицей оқушылары депутатқа белсенді түрде сұрақтар қойды.
🔹️Сонымен қатар Қайрат Құдайбергенұлы  лицей кітапханасын аралап, лицейімізде күнделікті жүргізіліп отыратын "Робототехника", "Электроника негіздері", "Web studio", "Радиобайланыс", "Шахмат" үйірмелерінің тыныс-тіршілігімен танысты.
Лицей басшылығы депутатқа алғысын  білдіріп, жастарды тәрбиелеу мәселелері бойынша одан әрі ынтымақтастыққа ниет білдірді.