Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Дарынды балаларға – талантты ұстаз" Республикалық педагогикалық олимпиадасы
20
октябрь
2021

"Дарынды балаларға – талантты ұстаз" Республикалық педагогикалық олимпиадасы

Алматы дарыны  орталығында "Дарынды балаларға – талантты ұстаз" Республикалық педагогикалық олимпиадасының аймақтық кезеңінің қорытындысы шығарылды .
Педагогикалық олимпиаданың мақсаты - жас педагог қызметкерлердің өзіндік дамуы мен шығармашылық әлеуеті үшін жағдай жасау; 
жас мұғалімдердің білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби қатынасын қалыптастыру болып табылады.
Қазылар алқасының шешімімен лицейіміздің мақтанышы, химия пәнінің мұғалімі Каумбаев Суннатулла Абдуғаниұлы 
І орын иегері атанды. 
Олимпиада қорытындысы бойынша І және ІІ орын алған 5 педагог Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы өткізетін республикалық кезеңге қатысады.
Қатысушыларға тек жеңіс тілейміз!