Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
октябрь
2021

Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып

Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып
Елімізде қазан айының алғашқы күндері екі үлкен мереке аталып өтіледі. Біріншісі "Қарттар күні" мерекесі болса, келесісі аяулы ұстаздарымыздың мерекесі. Ел мүддесін бәрінен биік қойған, өзінен кейінгі ұрпағынан ізеттігін аямай, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген, өмірін бала тәрбиесіне, біліміне арнаған зейнеткер ұстаздарымыздың   орны ерекше. 
«Мұғалім  мамандығы – барлық  мамандықтың  анасы»  демекші, ұстаз  алдынан  тәрбие  алмайтын  жан  жоқ.. Ғылым иесі ғалым да,  ел қорғаған  батыр  да, тілінен  бал  тамған ақын  да,  тегеуріні   темір   балқытқан   жұмысшы  да, егін  салған диқан да, мал  бағып   терін   төккен  шопан  да, көк  күмбезінен  әрі  өткен ғарышкер  де  бәрі-бәрі  ұстаздан  білім,  тәлім  алған. Сондықтан ұлағатты  ұстаздарға  бүкіл  адам баласы  құрметпен  бас  иеді.
Осы тұста Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей мұғалімдері, зейнеткер ұстазымыз Мұқатаева Сәулекүл апайды келіп жеткен мерекелермен құттықтады.
Білім беру саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбектері және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде біраз  жетістіктерге жеткен аяулы зейнеткер ұстазымызға алғысымызды айтамыз!