Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
июнь
2021

Тәуелсіздік ұландары

Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде 14.06.2021ж. күні «Тәуелсіздік ұландары» атты 11 сыныптың  түлектеріне  аттестат тапсыру салтанатты  мерекесі өтті. Бұл мерекені оқушы, мұғалім және ата-аналардың 11 жыл бойғы білім жолындағы атқарған еңбектерінің ортақ жемісі деп білеміз. Биылғы 2020-2021 оқу жылында  лицейімізді 100 түлек тәмамдап, үлкен өмірге қадам басты. Лицей директоры Шажабаева Кульжан Сауытовна және де директор орынбасарлары, ұстаздар оқушыларға ақ жол тілей отырып, аттестат тапсырды.Оқушыларымыздың 11 жыл бойғы оқу еңбектерінің толағай жетістіктері бізді қуантады. Түлектеріміз лицей қабырғасында алған білімдерінің сапасын қалалық, облыстық, республикалық олимпиадалардан, ғылыми жобалардан, спорт, көркемөнерпаз жарыстарынан көрсете отырып, лицейіміздің мәртебесін көтере білді. Ата-аналар да ерекше сезіммен, болашаққа қадам басар түлектердің қуаныштарына ортақтаса отырып, лицей ұжымына ыстық ықыласы мен алғысын білдірді.  Құрметті түлектер! Жаңа өмір жолында бәсекеге қабілетті білім, креативті көзқарас, шығармашыл ой-өріс өмірлік серіктеріңіз болсын демекпіз. Алған білімдеріңіз бен барлық күш-жігерлеріңізді Тәуелсіз еліміздің игілігін арттыруға, одан әрі нығайтуға жұмсайды деп сенеміз.Сәт сапар саған ЖАС ТҮЛЕК!