Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
апрель
2021

МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУЫ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?

      15.04.2021 жылы М. Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде 11-сыныптар оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындау туралы жиналыс өтті. Жиналысқа   пән мұғалімдері және лицей директоры қатысты. Пəн мұғалімдеріне сөз беріліп, дайындық жұмыстарын жүргізу туралы айтылды. «Мектеп түлектерінің қорытынды аттестаттауы қалай өтеді?» деген сұрақ қазіргі таңда мұғалімдер мен оқушыларды  толғандырып отыр. Жиналыста 11-сынып оқушыларына сабақ беретін мұғалімдермен осы сұрақтар талқыланды.

@edu_news_qz мәліметі бойынша ақпараттар айтылды:

11-сынып оқушылары 4 емтихан тапсырады:

  • оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан;
  • алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан;
  • Қазақстан тарихынан тестілеу;
  • өзге тілдерде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу.