Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
апрель
2021

Мектеп түлектерінің қорытынды аттестаттауы

М.Ганди атындағы №92  мамандандырылған лицейде білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында алдын ала қарастырылған оқу пәндерінің көлемін білім алушылардың меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жиналыс өткізілді. Жиналыста 9-сыныптың мектеп бітіруші түлектері тапсыратын мемлекеттік емтихандар жайында мағлұмат берілді.  Бітіруші түлектер 3 пәннен емтихан тапсыратын болады:

  • оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан;
  • математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан;
  • өзге тілдерде оқитын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан.