Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » І Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз
12
март
2024

І Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз

Құрметті ЖОО, колледж оқытушылары, мектеп мұғалімдері, докторанттар мен магистранттар! 2024 жылдың 28-29 наурыз аралығында «ХХІ ғасырдағы педагогикалық білім интеграциясы – болашаққа қадам» тақырыбындғы І Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз. Өтетін уақыты: 2024 жыл, 28-29 наурыз
Конференцияның мақсаты: Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін оқыту
процесінде әртүрлі әдістерді пайдаланудың ғылыми-әдістемелік негіздерін зерделеу, озық
инновациялық технологияларды пайдалану, халықаралық дәрежеде тәжірибе алмасу,
педагогтердің біліктілігін арттыру.
Конференцияны өткізу тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
Конференция өтетін орын: Алматы қаласы М.Ганди атындағы №92 МЛ» КММ
Мекен - жайы: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Панфилова 205,
Конференцияны өткізу нысаны: офлайн/онлайн
Конференцияның негізгі бағыттары мен мәселелері:
1-бөлім Заманауи білім беру кеңістігіндегі оқыту мен тәрбиенің теориясы және әдістері
2-бөлім Коледж және жоғары оқу орындарында білім берудің қазіргі жағдайы мен
болашағы
3- бөлім Білім беру процесінде жасанды интелектіні қолдану
4- бөлім Мектептерде ғылыми жаратылыстану пәндерінің білім беру жағдайы
5-бөлім Мектептерде қоғамдық гуманитарлық пәндерінің білім беру жағдайы