Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
февраль
2024

Шахматтан халықаралық турнир

Лицей мақтанышы🥇🏆🏆
♟️Қазақстан шахмат федерациясы және Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен алғаш рет Жетісу жерінде 17-26 ақпан күндері аралығында «Төлеуғазы Карипбаев мемориалы 2024» атты шахматтан халықаралық турнир өтті. Жүлде коры 1 700 000 теңге.

♟️Байрақты бәсекеге Өзбекстан, Тәжікстан, Кырғызстан, Ресей мемлекеттерінен 150-ден астам шахматшы қатысты.

«В» турнирінде Алтын медаль иегері Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 10 «А» сынып оқушысы Байтлеу Сырым (Алматы) үздік атанды - 9/9 ұпай.
Күміс медаль - Ғалымбек Алихан (Павлодар облысы) - 8,5 ұпай.
Үшінші орынға Исумбаев Ерназар (Жетісу облысы) табан тіреді.

Кез келген бәсекеде оза шабатын, өз таңдауының үздігі бола білген шәкіртімізбен біз шын мақтанамыз.
Қанатың талмасын, әлемдік деңгейлерді бағындыра бер, Сырым!😍😍😍
🏆🏆🏆
Біздің чемпион!