Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
ноябрь
2022

«Кonaev CUP 2022» халықаралық шахмат турнирі

18 қарашада Қонаев қаласында балалар жылына арналған «Кonaev CUP 2022» халықаралық шахмат турнирі өтті. Спорт додасының салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты.

Жылдам шахмат турниріне Өзбекстан, Тәжікстан, Украина, Грузия, Қырғызстан, Әзірбайжан, Армения және Қазақстаннан жалпы саны 300-ден астам спортшылар қатысты. Оның ішінде, 12 гроссмейстер, 30 халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері бар. Дода швейцариялық жүйеге сай, 9 кезеңнен түрды. Жалпы жүлде қоры – 4 млн теңге. Жарыста шахматшылар бақ сынады. 9А сынып оқушысы Байтлеу Сырым Алматы облысы бойынша үздік шахматшылар мүддесін қорғап шығып 2 🥈орынға ие болды.
💐💐💐

Құттықтаймыз!👏🏻👏🏻👏🏻