Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
февраль
2021

Жолда жүру ережесі

“Жолда жүру ережесі
Мақсаты:
           Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
 Көрнекілігі:
           Бағдаршам, жол белгілері, жолда жүру әліппесі, жол ережесіне арналған суреттер.
Ой бөлісу:
  1. Балалар көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
  2. Жаяуға қай жермен жүруге болмайды?
  3. Көшеде жүру тәртібін кім  басқарады?
  4. Бағдаршам туралы не білесіңдер?Тротуар сөзі француз тілінен аударғанда “Жаяу жүргіншіге арналған жол”дегенді 
     білдіреді.
     Тротуарда жүру тәртібі
     Жеке жүрсең:
     1.Тротуардың оң жағын ала жүр.
     2.Жүгірме,асықпай адымда.
     3.Жол жиегін аттама,оның үстімен жүрме.
     4.Тротуар үстіндегі кедергілерді жүргін бөлікке шықпай айналып өт.
     5.Тротуардың ортасына тұрма,үйлерге жақын қапталына қарай барып тұр.
     6.Тротуар үстінде ойнап,алыспа.
     7.Әлдеқандай затыңды жүргін бөлікке түсіріп алсаң,ересектердіңбірінен жәрдем сұра.
     8.Жолаушылар қоршауынан асып өтпе.Оның астынан өтпе және үстіне асылып отырма.Топпен бірге жүрсең: 
     
    1.Қатардан шықпа.
     2.Алысып,ойнама.
     3.Жүгірме,секірме,итеріспе.
     4.Шуылдама.
     5.Мұғалімнің жөн сілтеуіне ғана құлақ ас,басқаларға алаңдама.
     6.Әлдеқандай затыңды жүргін бөлікке түсіріп алсаң,тротуар үстінде тұрып ересектерден көмек сұра.
    Жол жиегі
     
              Жол жиегі-жол жиегі мен мен тротуар аралығын бөліп тұру үшін қаланған арнайы тас қаптал. Оны кейде бордюр деп атайды.
               Бордюр француз тілінде “бір нәрсені жиектеуге арналған жолақ”деген сөз. Балалар кейде жол жиегінің үстімен жүгіріп ойнағанды ұнатады. Ал егер әлдеқандай бір көлік жол жиегіне тақау жүріп жүрген баланы қағып кетуі де мүмкін ғой. Ондай жағдайыдың ақыры қайғылы оқиға соқтырмауына кім кепіл.