Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
декабрь
2023

Қалалық семинар өткізілді

2023 жылы 20 желтоқсан күні Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде «Алматы мектептері: Мектепішілік бақылау жүргізудегі менеджмент құралы-оқу мен оқытудың  инновациялық моделі»  атты қалалық семинар өтті. 
Семинардың негізгі мақсаты – лицейдің мектепішілік бақылау жұмысымен және электрондық құжаттар жүйесімен таныстырып тәжірибе алмасу. 
Сонымен қатар лицей директоры К.С. Шажабаева «Алматы мектептері» жобасы аясында Сингапур мемлекетінде өткен тағылымдамалық іс-сапары нәтижесінде Сингапур мектептерінің  білім беру тұжырымдамалары, оқыту бағдарламалары, білім беру ұйымдарының тәжірибелерін ескере отырып,  әрбір пән бойынша оқытуды ұйымдастырудың формаларын (мектептегі сабақ, табиғатты бақылау сабағы, саяхат  сабағы, зертханалық сабақ, жоба қорғау сабағы, оза оқыту сабағы, өндірістік сабақ, музей сабағы, театр сабағы т.с.с.) түрлендіру арқылы  оқушылардың нақты тақырып бойынша білім алудың түрлі көздерін және олардың мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында «Мектептен тыс оқыту – білім көзін кеңейту»  деп аталатын тақырыпта лицейде жүргізіліп жатқан жоба жұмыстарымен таныстырды.
Мысалы: 
 - География пәні мұғалімі Н.Ө. Сәлімжанов Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің эколог ағартушысы Абилова Самал Нарынбайқызымен бірлесіп «Экология және қоршаған орта» пәнінен 10 «А» сынып оқушыларына «Алатаудың тылсым әлемі» - атты Іле – Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі орталығында дәстүрлі емес форматта экскурсиялық сабақ өткізді. 
- Лицейіміздің физика пәні мұғалімі Рсалиева Асем Айдаркызы 9 сынып оқушыларына «Жұлдызды аспан» - атты тақырыпта  лицейіміздегі Sky-Watcher телескобы арқылы дәстірлі емес форматта табиғатты зерттеу сабығын өткізіп, Айды бақылады. 
- Биология пәні мұғалімі Сәтжан С.С 10 “Г” сыныбының оқушыларымен "Нейрокомпьютерлік интерфейс. Компьютер мен ми арасындағы ақпарат алмасу жүйесі” тақырыбында антикинотеатрда «Мозг. Эволюция» деректі фильмін тамашалады.
Кері байланыс кезінде Сингапур елінің озық тәжірибесімен ұштасқан лицейдегі жоба жұмыстарымен танысты және қатысушылар мектепішілік бақылау жұмысы бойынша құнды ақпараттар алды.