Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қалалық семинар: «Алматы мектептері: Мектепішілік бақылау жүргізудегі менеджмент құралы-оқу мен оқытудың инновациялық моделі»
20
декабрь
2023

Қалалық семинар: «Алматы мектептері: Мектепішілік бақылау жүргізудегі менеджмент құралы-оқу мен оқытудың инновациялық моделі»

2023 жылдың 20 желтоқсан күні Алматы қаласы, Бостандық  ауданы, Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде «Мың мектеп» аясында «Алматы мектептері: Мектепішілік бақылау жүргізудегі менеджмент құралы-оқу мен оқытудың  инновациялық моделі»  атты қалалық семинар өтті. Семинардың негізгі мақсаты – лицейдің мектепішілік бақылау жұмысымен және электрондық құжаттар жүйесімен таныстырып, тәжірибе алмасу. Директордың бейіндік жұмысы жөніндегі орынбасары А.М. Алтаева «Мектепішілік бақылау – білім берудегі инновациялық менеджмент құралы» тақырыбында баяндама оқыды. Мектепішілік бақылаудың ұйымдастыру ерекшеліктері, нысандары, жүргізу алгоритмімен таныстырып өтті, мектепішілік  бақылаудың  инновациялық  салаларына ерекше тоқталып өтті. Семинардың екінші бөлімінде мектепішілік бақылау құжаттар көрмесінде тәжірибе алмасу ұйымдастырылды.