Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Аймақтық конференция: «Сабақты зерттеу (Lesson Study): қазақстандық мектептердің тәжірибесі»
06
декабрь
2023

Аймақтық конференция: «Сабақты зерттеу (Lesson Study): қазақстандық мектептердің тәжірибесі»

06.12.2023 ж. күні №157 Жалпы білім беретін мектепте «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Алматы қаласындағы филиалының ұйымдастыруымен «Сабақты зерттеу (Lesson Study): қазақстандық мектептердің тәжірибесі» тақырыбындағы  аймақтық конференциясы болып өтті.
Конференцияның мақсаты: мұғалімнің кәсіби қызметінде «Lesson study» тәсілін қолдану бойынша теориялық және практикалық тәжірибе алмасуға ықпал ететін диалог алаңын қамтамасыз ету.
Конференцияның «ШАҒЫН ШЕБЕРХАНАНЫҢ ҮЛКЕН ЖЕҢІСІ» (мектеп тәжірибелерінен) бөлімінде Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Слямова Н.Р. және «Озық тәжірибе мектебінің» ұстаздары «Зерттеу сабақтары арқылы оқушылардың құзыреттілігін арттыру - білім сапасының кепілі» тақырыбында өз білім беру ұйымындағы « Сабақты зерттеу» топтарының жұмысын көрсетіп,  тәжірибелерімен бөлісті.      
Түскі үзілістен кейін тренерлермен брифинг өткізілді. Брифингте талқыланатын сұрақтар:
- Сабақты зерттеудің мәні неде?
- Сабақты зерттеуді жүргуде қандай қиындықтар болуы мүмкін? 
- Сабақты зерттеуді қалай тиімді жүргізуге болады?
Конференция өте қызықты, мағыналы болды.
Конференцияға М. Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің
«Озық тәжірибе мектебінің» ұстаздары: Каумбаев С.А., Несипбергенова Ф.К., Жадыкова С.У., Утегенова А.А, Абжамиева Б.К, Сәтжан С.С., Түменбаев М.Қ. қатысты.