Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шығармашылық кеш: "Мұғалімдік қызметтегі педагогикалық рефлексиям"
16
октябрь
2023

Шығармашылық кеш: "Мұғалімдік қызметтегі педагогикалық рефлексиям"

16.10.2023 жылы Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің еңбек сіңірген математика пәні мұғалімі, Халықаралық эксперт кеңесінің «За вклад в развитие образования» медалі және Қазақстан Педагогтар қауымдастығының «Білім беру ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері Жоламанова Светлана Асановнаның дара жолына арналған "Мұғалімдік қызметтегі педагогикалық рефлексиям" тақырыбындағы шығармашылық кеші өтті.
Шығармашылық кешке қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскерлері Турысбекова Алия Кыдыргажиновна, Алимбекова Бибигуль Байсановна қатысты.
Кеш жүргізушісі айтыскер ақын, теле радио жүргізушісі, редактор, Республикалық ақындар айтысының бас жүлдегері - Құтпанбай Бақыт Жағыппарұлы.
Кештің кейіпкері Жоламанова Светлана Асановна кеш барысында жас мамандарға «Тәжірибедегі рефлексия» атты коучинг өткізді. «Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал!» Абайдың 15 қара сөзі негізінде өтілген коучингтің жас мамандарға, ұстаздар қауымына берері көп. Коучингтің мақсаты: Мұғалімдердің оқыту тәжірибесін жетілдіру, қолдау көрсету және рефлексия. Жыл мезгілдері арқылы төрт топқа бөлінген ұстаздар топтық тапсырмалар орындады. Топтарға «Рефлексия» туралы ақпарат берілді. «Қыс» тобы қыс туралы көрініс ұйымдастырды, және өз жұмыстарын «SWOT» талдау арқылы рефлексия жасады. «Көктем» тобы көктем туралы өлең шығарды және өз жұмыстарына «Үш сөзбен» әдісі бойынша рефлексия жасады. «Жаз» тобы жаз туралы эссе жазды және өз жұмыстарына «Бес саусақ» стратегиясы негізінде рефлексия жасады. «Күз» тобы осы үш топтың жұмыс нәтижелеріне сыни ойлау «Боно қалпақтары» негізінде кері байланыс берді. Қатысушы ұстаздар тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Коучинг жоғары дәрежеде өтті. Психологиялық тренинг негізінде бүгінгі коучингті қорытындылады.