Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
апрель
2023

Жас мамандарға арналған әдістемелік семинар

Сәуірдің 27-і М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде жас мамандарға арналған әдістемелік семинар болып өтті. Семинар барысында информатика пәнінің мұғалімдері сабақ өту барысында қолданылатын презентация жасау платформалары, онлайн ойын бағдарламаларын жасау бағдарламаларымен таныстырды. Информатика пәнінің мұғалімі ,жас маман Нурмукан Айдана Сейсенқызы 27.04.23ж әдістемелік семинарда  онлайн ресурстар бойынша әдіс тәсілдер көрсетті.Соның ішінде презентация жасау платформалары,онлайн ойын бағдарламаларын жасау бағдарламаларымен таныстырды. Сол бағдарламалардың сілтемесін төменде берілген:
1.https://www.eneasy.kz/
2.https://bouncyballs.org/
3.https://jeopardylabs.com/
Информатика пәнінің мұғалімі Абдураимова Рая жас мамандарға сабақ барысында топпен жұмысты ұйымдастырудың 2 әдіс The Hat,  Flippity - тәсілдерін көрсетті. Бұл АҚТ  жаңаша әдіс - тәсілдерді пайдаланудың тиімділігін сабақ барысында топтық, жұптық түрде бөлу арқылы оқушыларды  ынтымақтаса жұмыс істеуге және  мәселелерді бірлесіп шешуге, идеялармен алмасуға көп көмегін тигізеді. Келесі  PowerPoint және Focusky презентация жасаудың мүмкіншіліктерін көрсетілді. Соңғы әдіс padlet.com сайты арқылы  кері байланыс жасау болды. Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға және сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларын padlet тақтасына жіберу арқылы бағаланады.