Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
октябрь
2023

“Міржақып. Оян, қазақ” фильмін тамашалады

07.10.2023ж. 9 «Г» сынып оқушылары және ата-аналары сынып жетекшісі - Нурила Бауыржанқызымен бірге, ақын, жазушы, Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлының өміріне қатысты түсірілген фильмді көруге барды. 
🔰Тарихи туынды Міржақып Дулатұлының 1909-1935 жылдардағы өмір кезеңін қамтиды.
Көсемсөз шебері, Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы өзінің алғашқы кітабы “Оян, қазақты” жазу, басу, тарату кезінде орасан кедергілерге ұшырайды. Онсыз да ілгеріде Қарқаралы құзырхатын ұйымдастыруға қатысқаны және “Серке” газетіне өткір мақалалар жазғаны үшін патша өкіметінің қырына ілігіп жүрген 23 жастағы жігіт тәуекелді қадамға барып кітабын басып шығарады. Ол 1909 жылы қазақ қоғамын дүр сілкіндірген ірі уақиғаға айналады.
Міржақып атамыздың аты Қазақ еліне аян. Өзінің бозторғай жаны шырылдап, елі, жері үшін жанын қиған асыл азамат.