Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
апрель
2023

Оқушылары Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша» драмасын тамашалады

15 сәуір 2023 жылы 10 «А» сынып оқушылары қазақ өнерінің қара шаңырағы – М.Әуезов атындағы Қазақтың академиялық және драма театрына көрнекті қаламгер Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша» драмасына барып, керемет әсер алып қайтты. Бұл драмада жазушы, қоғам қайраткері Ш.Мұртазаның өз өмірінен сыр шертіледі. Спектакльде зұлмат жылдарда өмірге келіп, қазақ зиялылары репрессияға ұшыраған жылдарда әкесінен айырылып, соғыс тауқыметін басынан өткерсе де, еңсесі түспеген Барысхан деген баланың тағдыры мен оның қайсар анасы Айша жайында ақиқат көрсетілді. Оқу бағдарламасымен ұштастырылған қойылым шәкірттерге тағылымы мол сабақ болды.