Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
май
2023

Мемлекеттік емтихандар мерзімі

Алматы қаласының 9-сынып бітірушілер үшін қорытынды мектеп бітіру емтихандары 2-13 маусым аралығында өтеді, ал 11-сынып бітірушілер үшін мемлекеттік емтихандар 5-19 маусым аралығында болады.
Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) жылына 4 рет (қаңтар-ақпан, наурыз, мамыр-шілде, тамыз) өткізіледі. Қазіргі уақытта 18 мамырдан 5 шілдеге дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында өткізіледі.

Жалпы орта білім беру туралы аттестатты 11-сынып түлектеріне тапсыру салтанатын өз мектебінің қабырғасында 20-22 маусымда өткізуді ұсынылады.

«Білім басқармасы сынып сағаттары мен салтанатты жиын ұйымдастыру кезінде дипломдар мен сертификаттарды салтанатты түрде табыстау болатынын еске салады, педагогикалық этиканы сақтау және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында іс-шараларды өткізуге, аниматорларды, демалыс агенттіктерін, жеке студияларды тарту үшін ата-аналардан қаражат жинауға жол берілмейді. Сонымен қатар мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлық ретінде қаражат жинауға тыйым салынады», - деп атап өтті білім басқармасы басшысының орынбасары.