Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
февраль
2023

Мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдау

ҚР ОАМ «Дарын» РҒПО 2023-2024 оқу жылына мамандандырылған білім беру ұйымдарының 5, 6, 7, 10 – сыныптарына қабылдауды жүзеге асырады.

Негіздеме: «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы.

Құжаттарды онлайн - тіркеу және қабылдау 2023 жылғы 1 ақпан мен 15 сәуір аралығында https://qabyldau.daryn.kz сайтында жүргізіледі.

Мамандандырылған білім беру ұйымы: 

▪️ «Мың бала» ауыл мектептерінің ұлттық зияткерлік олимпиада жеңімпаздары үшін 7-сыныпқа қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 10% мөлшерінде және халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 5, 6, 7, 8 және 10-сыныптарға қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 15% мөлшерінде квоталарды бекітеді. 

Қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 15% мөлшерінде іріктелетін халықтың әлеуметтік осал топтарына: 

▪️ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын ауылдық жерден шыққан отбасының балалары; 
▪️ ата-аналарының біреуі бірінші топтағы мүгедектігі бар отбасының балалары; 
▪️мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылар; 
▪️жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 
▪️ отбасыларда тұратын жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 
▪️төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар; 
▪️экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйінен айырылған отбасыларының; 
▪️мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқарған кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындалу немесе жүзеге асыру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларының балалары жатады. 

Конкурс 15 мамыр – 15 маусым аралығындағы кезеңде апта сайын әрбір сенбі-жексенбі күндері өтеді. 

Қосымша мерзімдерді Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті орган келесі оқу жылы басталғанға дейін белгілейді.

Тіркелу сілтемесі парақшамыздың профилінде көрсетілген