Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
май
2023

"VEX Robotics World Championship-2023" әлем чемпионаты

Алматылық оқушылар АҚШ-та робототехника бойынша алдыңғы қатардан көрінді.

Лицейіміздің атынан 5 оқушы қатысып жатыр.
5 “Ә” сынып оқушысы Мыңжасар Мағжан
9 “В” сынып оқушысы Мыңжасар Мардан
9 “В” сынып оқушысы Нұрғали Ғазиз
9 “Б” сынып оқушысы Касимов Жанибек
10 “Б” сынып оқушысы Серікбай Ерсұлтан

🇰Қазақстанның робототехника тарихында тұңғыш рет  АҚШ-та өтіп жатқан әлем чемпионатында  Алматы қаласының құрама командасы топ жарып, алдыңғы қатардан көрінді.

✔️1737 K Urei командасы Vex Spin Up санатында 10 іріктеу матчының 9-да жеңіске жету арқылы өз дивизионында 80 команданың ішінен 9-шы орынды иеленді.

Жарыс Даллас (АҚШ) қаласында 25 сәуірден 4 мамырға дейін жалғасады. Vex Spin up санатына 6-12 сыныптардан 11 500 команда қатысады.

✅Сондай-ақ, екі командамыз (1737D Dream ON және 1737Y Blue Ribbon) керемет нәтижелерге қол жеткізіп, ширек финалға шықты. 

✨Қазіргі уақытта жасөспірімдер арасындағы сайыс басталып жатыр, ал біз оларға сәттілік тілей отыра, жаңа нәтижелер мен жеңістерін асыға күтудеміз!