Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
апрель
2023

«VEX Robotics World Championship-2023» әлем чемпионаты

2023 жылғы 25 сәуір мен 4 мамыр аралығында АҚШ-тың Даллас қаласында өтіп жатқан робототехникадан «VEX Robotics World Championship-2023» әлем чемпионатына Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жалпы білім беретін мектептердің 18 оқушысы республикамыздың құрама командасы атынан қатысуда. Соның ішінде лицейіміздің атынан 5 оқушы қатысып жатыр.
5 “Ә” сынып оқушысы Мыңжасар Мағжан
9 “В” сынып оқушысы Мыңжасар Мардан
9 “В” сынып оқушысы Нұрғали Санжар
9 “Б” сынып оқушысы Касимов Жанибек
10 “Б” сынып оқушысы Серікбай Ерсұлтан

🔹VEX IQ Slapshot санатында 3-8 сынып аралығындағы балалар жиналады. Бұл санатқа жергілікті, аймақтық, ұлттық және әлемдік турнирлерді қоса алғанда 45 елден 8500 команда қатысады. 
🔹Vex Spin Up санатында 6-12 сынып аралығындағы балалардан 11 500 команда аталған турнирлерде өзара бақ сынасады.
 ✨Қатысушыларымызға чемпионатта сәттілік серік болып, жеңіс тұғырынан көрінулерін тілейміз!