Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
сентябрь
2022

Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойы

Шерхан Мұртазаның ел, қоғам, мемлекет, әдебиет үшін істеген еңбектері өте көп. Оның бәрін бір мақалада қамтып шығу мүмкін де емес. Алдымен өзі әдебиетке келген аударма ісінен бастасақ. Шерағаң әлемге әйгілі қырғыз елінің жазушысы Шыңғыс Айтматовтың негізгі шығармаларын қазақ тіліне аударыпты. Иә, Шыңғыстың сан-қилы пәлсапалық тұжырымдарға толы шығармаларын аудару кез келген қалам ұстаған адамға оңай шағыла салатын жаңғақ емес. 

Шерхан Мұртаза өзінің шығармаларында адам бейнесін табиғаттың сұлулығымен астастыра өте көркем бейнелейді әрі әр кейіпкердің ойын терең түсіне отырып, адам мен табиғаттың тынысы бір екенін көрсете білген. 

Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28 қыркүйекте бұрынғы Әулиеата уезі, қазіргі Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ топырағында дүниеге келген. Шерхан Мұртазаның ел, қоғам, мемлекет, әдебиет үшін істеген еңбектері өте көп. 

Көрме кезінде 5-8 сынып оқушыларына Ай мен Айша романның қысқаша мазмұнын түсіндірдік. «Ай мен Айша» романы Шерхан Мұртазаның өз өмірінен сыр шертеді. Романда ашыршылық жайлаған зұлмат жылдарда дүниеге келіп, қазақ зиялылары репрессияға ұшыраған жылдарда әкесінен айырылып, одан кейін Ұлы Отан соғысының тауқыметін бастан өткеріп қанша қиыншылық көрсе де, еңсесі түсіп езілмей, ағынға қарсы жүзе білген Барысхан деген баланың өмірі және сол балаға өшпестей үміт сыйлап, өмірлік шам-шырағы, қайсар қаһарманы болған анасы Айша жайында баяндалған.