20
январь
2023
Қыздар жиналысы: «Қыз бала денсаулығы – ұлт болашағының кепілі»
20.01.2023ж. күні «Қыз бала денсаулығы – ұлт болашағының кепілі» тақырыбында 8-10 сынып қыздарына арналған қыздар жиналысы өтті.
Жиналыста Алматы қаласы Репродуктивті медицина институтының дәрігері Меруерт Амирбековна дәріс оқыды.
🔸Жиналыстың мақсаты: салауатты өмір салтын ұстануды насихаттап, «Қыз баланы тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» қағидасымен қыздардың денсаулығын нығайту бойынша тәрбие беру.
🔹Қыз бала ағзасының өзіндік ерекшеліктері бар: ер балаға қарағанда ол нәзік келеді, анатомиялық айырмашылықтар арнаулы гигиенаны талап етеді. Қыз балаға туған бойда - ақ ұқыпты қарауға тура келеді.
🔸Нәзік жандылар үшін, денсаулық пен ұзақ ғұмырды сақтау үшін пайдалы кеңестер:
1) үнемі дәрігерге көріну (жылына 2 рет);
2) үйлестірілген тамақ (ДСМ сақтау);
3) толыққанды ұйқы (тәулігіне 8 сағаттан кем емес);
4) зиянды әрекеттерден аулақ болу;
5) жеке гигиена ережелерін сақтау;
6) жан тыныштығын сақтау;
7) кездейсоқ байланыстардан бас тарту.
🔹Салауатты өмір салтының негіздері: үйлесімді тамақтану, белсенді өмір сүру, қалыпты ұйқы, психикалық денсаулық.
🔸Жиналыс соңында қыздар маманға сұрақтар қойып, жауабын алды.