Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
январь
2023

Шет тілдер пәндерінің кафедрасы

Мақсаты: І, ІІ тоқсандағы жиынтық бағалау жұмыстарына талдау жасап, олқылықтарды анықтау және оны шешу арқылы білім сапасын арттыру;

Жоспар:

Ағылшын тілі мен орыс тілі және әдебиеті пәндерінен білім сапасын талдау

  1. І-ІІ тоқсандағы білім сапасы төмен сыныптарды анықтау;
  2. І-ІІ тоқсандағы білім сапасын салыстыру мониторингісі;
  3. Олқылықтарды анықтау;
  4. Олқылықтарды жою жолдары;
  5. SWOT талдау
  6. Әр түрлі мәселелер: қалалық олимпиадаға дайындық, шет тілдер кафедрасының апталығы жайлы ақпарат

Бірінші мәселе  бойынша 1-2 тоқсандағы әр сыныптың білім сапасын және үлгерімін салыстыра отыра, сапасы және үлгерімі жағынан сыныптары анықталды.

Екінші мәселе Ш.Ш. Кулжан 1-2 тоқсандағы ең төмен сыныптардың білім сапасы бойынша салыстырмалы түрде 1-тоқсанға қарағанда, 2-тоқсанда едәуір көтерілгендігі туралы айтты.

Үшінші және төртінші мәселе бойынша мәселе бойынша әдістеме бірлестігінің жетекшісі Ш.Ш.Кулжан сөз алды. Бірлестігінің мүшелерімен бірлесе отыра, үлгерімі төмен оқушылардың, білім сапасы төмен сыныптардың олқылық мәселесін талқылап, яғни айтылым мен жазылым дағыдысының әлсіздігі екені анықталды. Оның жою жолдары ретінде сөздікті жаттатқызу, грамматтикалық құрылымдарды дифференцияалды оқыту негізінде ұйымдыстыру туралы айтылды. Оқушылардың үлгерімін жақсарту бағытындағы жүргізілетін жұмысты жүргізу бойынша нұсқаулықтар берілді:

  • Үлгерімі нашар оқушыларға арналған жылдық жұмыс жоспарын құру
  • Психологпен бірлесе отырып,       сынып бойынша үлгерімі нашар оқушыларды анықтау
  • Оқушыларды ағылшын тілі мен орыс тілі пәндерін   игеруге қызықтыру, қажеттілігін түсіндіру.
  • Тақырыптар бойынша оқушыларға анықтама дайындап беру
  • Оқушылардың танымдық деңгейіне байланысты деңгейлік тапсырмалдар дайындау
  • Үй тапсырмасының орындалуын қадағалау
  • Танымдық қиыншылықты жеңуге байланысты сыныптан достарының көмегін ұйымдастыру
  • Бақылау, жазба жұмыстарын, тесттерін талдау, қатемен жұмысты ұйымдастыру
  • Жұмыс дәптерлерін тексеріп отыру
  • Ата – анасы мен сынып жетекшісімен байланыста болу
  • Сыныптан тыс уақытта жекелей қосымша жұмыс жүргізу
  • Күзгі, қысқы, көктемгі, жазғы демалыстарына қосымша тапсырмалар беру, олардың орындалуы бойынша нұсқаулар беру, орындалуын қадағалау.


Бесінші мәселе бойынша SWOT анализі арқылы үлгерімі төмен оқушылармен талдау жүргізу туралы ескертілді.