Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
ноябрь
2022

Сынып сағаты: «15—қараша Ұлттық Валюта күні»

15.11.2022 ж. күні лицейіміздің 10 «Б» сыныбына «15—қараша Ұлттық Валюта күні» тақырыбында сынып сағаты өтілді.

🔹Мақсаты: Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.
Білімділік: ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту
 Сабақ формасы:  топтық жұмыс
Сынып сағатында оқушылар 3 топқа бөлініп,  оқылған қаржы жағдаяттарға қатысты пікірлерін,  көзқарастарын ортаға салды. Әр топқа 10 балл бойынша өзара бағалауы болды. Нәтижесінде бірінші топ ең жоғарғы ұпайды алды. 
 Келесі сатыда екі топ "Қаржылық сауаттылық" туралы дебат өткізілді. Бірінші топ оқушылары әділқазылары болып,  қалған екі топтың аргумееттерін тыңдап,  өз бағасын берді. Нәтижесінде оппозиция тобы жоғары балды жинады. 
Сынып сағатты қорытындылай келе, «Қаржылық сауаттылықтың негізгі қағидасы – үнемді болу»  атты ұстанымымен аяқталды.

Сынып жетекшісі: Кулжан Шолпан Шоханқызы