Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
август
2022

Әдістемелік кеңес

24.08.2022 жылы Махатма Ганди атындағы №92 лицейде әдістемелік кеңес өткізілді. Кеңес барысында директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Слямова Нургуль Рахманкуловна 2022-2023 оқу жылындағы лицейдің жұмыс бағыттарын айқындап көрсетті және лицейдің педагог қызметкерлерінің "Педагогикалық әдеп нормалары мен ережелері", "Еңбек тәртібі" ережелерімен таныстырды.
Сонымен қатар, директордың бейін ісі жөніндегі орынбасары Алтаева Асель Мырзагалиевна бейіналды, бейінді оқытудың бағдарламаларын, эллективті курстардың, дарынды оқушымен жұмыс жоспарларымен таныстырды және олимпиадалық резерв мектебінің жұмысын жоспарлау, жетекшілерін бекіту сынды бірқатар алдағы атқарылатын жұмыс жоспарларын таныстырып өтті.
Лицейіміздің химия пәнінің мұғалімі Каумбаев Суннатулла мұғалімдердің БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын техникалық спецификасы негізінде құрастырылу ережелерін көрсетті.
-