Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
май
2022

Еңбек майданының ардагерлерін құттықтау

Бостандық ауданының білім саласына қарасты М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 8 «Б» сынып оқушылары еңбек майданының ардагері Дудченко Лидия Ивановна 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтады. 

▫️Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығымен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Бұл мереке бәріміз үшін халқымыздың қайсарлығының, ұлылығының, отансүйгіштігінің нышаны болып табылады және болып қала бермек. Жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің қасиетті ерлігі біздің жадымызда, ұрпақтарымыздың жадында мәңгі сақталады. Сіздердің біздің Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін шайқастардағы теңдессіз ерліктеріңіз бен табандылықтарыңыз ғасырлар бойы жасай береді. Сіздердің қайыспас қайсарлықтарыңыз бен Отанға шынайы берілгендіктеріңіз үшін қазақстандықтардың жас ұрпақтары үшін өнегесі мол тамаша үлгі. Бүгінгідей айтулы мереке күні өздеріңізге зор денсаулық, жарасты көңіл-күй, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік тілейміз. Әрқашан аспанымыз ашық, күніміз нұрлы болсын! 

Лицей атынан жарқын болашағымыз үшін үлесін қосқан еңбек майдангеріне азық түлік корзинасы сыйға тартылды.💐💐💐 
Ардагер лицей ұжымына, оқушыларға, ата аналарға ізгі тілектерін айтып, алғыс білдірді.💐