Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
май
2022

Еңбек майданының ардагерлерін құттықтау

4-мамыр күні Бостандық ауданының білім саласына қарасты М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 7 " В" сынып ата-аналары мен оқушылары еңбек майданының ардагері Дубинин Александр Ефимовичті 9-мамыр- Жеңіс күнімен құттықтап, өз ықыластарын білдірді.
Ардагер өз өмірінің қиын кезеңдерін оқушыларға баяндап, көз жаспен еске түсірді.

▫️Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығымен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Бұл мереке бәріміз үшін халқымыздың қайсарлығының, ұлылығының, отансүйгіштігінің нышаны болып табылады және болып қала бермек. Жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің қасиетті ерлігі біздің жадымызда, ұрпақтарымыздың жадында мәңгі сақталады. Сіздердің біздің Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін шайқастардағы теңдессіз ерліктеріңіз бен табандылықтарыңыз ғасырлар бойы жасай береді. Сіздердің қайыспас қайсарлықтарыңыз бен Отанға шынайы берілгендіктеріңіз үшін қазақстандықтардың жас ұрпақтары үшін өнегесі мол тамаша үлгі. Бүгінгідей айтулы мереке күні өздеріңізге зор денсаулық, жарасты көңіл-күй, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік тілейміз. Әрқашан аспанымыз ашық, күніміз нұрлы болсын! 
Лицей атынан жарқын болашағымыз үшін үлесін қосқан ардагерімізге азық түлік корзинасы сыйға тартылды.💐💐💐

Көпті көрген қария үнемі жағдайына алаңдап, сый-құрметімен еленгеніне  Махатма Ганди атындағы 92мамандандырылған лицейіне және 7 "В" сынып ата- аналарына  риза­шылығын білдіре келе, Қазақстан хал­қына деген ыстық лебізін жеткізді.
"Ел іргесі тыныш, бей­біт заманымыз мәңгілік болсын! Хал­қымыз аман болып, түрлі қиын­дықты еңсеріп, жақсы күн­дермен қауышып жүрейік. Егемен еліміздің ертеңі жар­қын, кемел келешегіміз жақ­сы күндермен жалғаса берсін. Ұр­пағымыз ұлағатты, бақытты ғұмыр кешсін», деп ардагер ақ батасын арнады.