Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
ноябрь
2022

Сәуле таратқан-данышпан кітаптар

Өтілген түрі: КВН сайыс
Мақсаты: Оқушыларды ойлана білуге, тапсырмаларды тиянақты орындауға, бірлікке әдептілікке тәрбиелеу.
Сайысқа түскен екі топ: 5 А «Тапқырлар» тобы, 5 Ә «Білгірлер» тобы.
Бүгінгі сайыстың мақсаты, оқырмандарды кітапханаға тарту, кітап оқуға баулу. Әр кезеңнің жауаптың 5 балдық жүйеде бағаланады. 
Бірінші кезеңде логикалық 10 сұрақ берілген болатын, әр топқа бес, бестен. 
Екінші кезеңде оқушылар «Шегіртке мен құмырсқа» мысал өлеңіне көрініс қойды (жанры- поэзия (мысал өлең), идеясы – арам тамақ, жалқаулықты сынау, еңбекқор жәндіктің бейнесі. 
Үшінші кезеңде оқушылар «Зерттеу жүргізуге арналған жабдықтар» зерттеу жабдықтарына анықтама беру, қай жабдықпен қалай жұмыс жасау жасау және қашан қалай пайдалану.
Төртінші кезең біл «Ұлттық намыс ұлттық құндылықтарды құрметтеу» бұл кезеңде оқушыларға сурет беріледі, сол суретке қарап өз ой пікірлерін жеткізу кейін сөзтізбек беріледі бұл сөз тізбекте оқушылар бойларындағы қандай сезімдер оятқанын сөзтізбектен ізденіп жауабын жазу.
Көрнекіліктер: «Шегіртке мен құмырсқа» өлеі мысалына көрініс, Омыртқасыздар энциклопедиясы, Қазақстан Қызыл кітабы беттерінен, Муравьи богомолы стрекозы, Крыловтың кітаптары, 5 сыныпқа арналған Абайтану кітабы және ертегілер жинағы.
Сынып жетекшілері: 5 А – Түменбай Мади, 5 Ә – Алмешова Зарина.
Әділ қазылар: Балашов Қанат, Турсынбекова Ақниет.
Көрермендер: Бурханова Ғазиза, Полатбекова Айгерім
Жүргізушілер: Исагулова Айнур, Джангабаева Загида.